«Милфаларға арналған қымыз»: Дүкен сөрелеріндегі жазулар жұртты таңғалдырды
Threads әлеуметтік желісінде дүкен сөрелерінде тұрған ерекше қымыз бөтелкелерінің суреті қызу талқыға түсіп жатыр.
Бөтелкелердің сыртында «Green flag досың үшін» (сенімді, жақсы дос мағынасында) және ең даулысы – «Милфаларға арналған» деген жазулар бар. Соңғы жазудың астында кішігірім әріптермен «Махаббат жасқа қарамайды» деген түсініктеме де жазылған.
Бұл өнім Shanyraq Balqymyzy брендінің жаңа маркетингтік қадамы. Өндірушілер осылайша дәстүрлі сусынды заманауи трендтермен ұштастырып, жастардың (зумерлердің) назарын аударуды көздеген сияқты.
Бұл жаңалық желі оқырмандарын екіге бөлді:
Кейбір қолданушылар бұл қадамды «мықты маркетинг» деп бағалап жатыр. Олардың пікірінше, бұл қымызды жастар арасында танымал етудің тиімді жолы.
«Зумерлер маркетолог болғанда», «Мен қымыз ішпейтін едім, бірақ мынаны ішіп көрер едім» деген пікірлер де кездеседі.
Екінші тарап ұлттық сусынның атауын мұндай бейәдеп (эротикалық астары бар) сөздермен былғауға болмайтынын алға тартуда.
«Басқа-басқа, қымызды бұлай қорлауға болмайды», «Ұлттық құндылықты арзан трендке айналдыру – сорақылық» деп ашынғандар да аз емес.
Еске сала кетейік, бұған дейін Ресейде қымызға сұраныс артқаны туралы жазған едік.
- Соңғы
-
- Мамыр, 04
-
-
-
- Сәуір, 30
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
- Сәуір, 29
-
-
Күнделікті жаңалықтар
5 мамыр 2026