Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қазақстанға Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров келді

kz.kursiv.media

Қазақстанға Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров келді

Сергей Лавров Қазақстанға келді. Бұл туралы Ресейдің Қазақстандағы елшілігі хабарлады. Ол Тоқаевтың қабылдауында болып, Сыртқы істер министрімен келіссөздер жүргізбекші.

Ресей СІМ-нің ақпарат және баспасөз департаментінің директоры Мария Захарова мәліметінше, кездесулер барысында Қазақстан мен Ресей арасындағы жан-жақты стратегиялық әріптестік пен одақтастықты нығайту мәселелеріне, сондай-ақ алдағы жоғары деңгейдегі байланыстар аясындағы ынтымақтастыққа аударылады.

Екі тарап саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы байланысты күшейту, сондай-ақ ортақ интеграциялық алаңдардағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқыламақшы. Атап айтқанда, Еуразиялық экономикалық одақ, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы және Шанхай ынтымақтастық ұйымы аясындағы ынтымақтастық сөз болады.

Сондай-ақ министрлер өзара қызығушылық тудыратын өңірлік күн тәртібі бойынша пікір алмасып, өзекті халықаралық мәселелерді талқылайды.

Айта кету керек, биыл Ресей президенті Путин де Қазақстанға келуі мүмкін. Бірақ нақты қай уақыт екені белгісіз.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
5 мамыр 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар