«Қайрат» пен «Астана» Қазақстан кубогынан шығып қалды
Бүгін, 29 сәуірде, футболдан Қазақстан Кубогының 1/8 финалы аясында бес матч өтті. Ойын күнінің қорытындысы бойынша «Жеңіс», «Қызылжар», «Жетісу», «Тобыл» және «Қайсар» командалары жүлде үшін күресті жалғастырады.
ҚАЗАҚСТАН КУБОГЫ-2026 1/8 финал матчтары 29 сәуір
Күннің басты нәтижелерінің бірі «Қайраттың» Қызылордада жеңілуі болды. Алматылық клуб «Қайсардан» 1:2 есебімен ұтылды. Алаң иелері 4-минутта-ақ Ерсұлтан Қалдыбековтің голынан кейін есеп ашса, екінші таймда Батырхан Тәжібай басымдықты арттырды. «Қайрат» тек қосымша уақытта жауап қата алды – Азамат Тұяқбаев көзге түсті.
Сондай-ақ, өз алаңында «Тобылға» 1:2 есебімен есе жіберген «Астана» да турнирмен қоштасты. Қостанайлықтар 7-минутта Амин Талалдың күшімен есеп ашты, кейін Санжар Әнуаров тепе-теңдікті қалпына келтірді, бірақ 87-минутта Жасұлан Жұмашев пенальтиді сәтті орындап, қонақтарға жеңіс сыйлады.
Басқа матчтарда «Жеңіс» «Оқжетпесті» 3:2 есебімен ұтса, «Қызылжар» «Ертістен» 2:1 есебімен басым түсті, ал «Жетісу» сырт алаңда «Атырауды» 2:0 есебімен жеңді.
Қазақстан Кубогы 1/8 финалының қалған матчтары ертең, 30 сәуірде өтеді. Бұл күні «Алтай» – «Ұлытау», «Ордабасы» – «Каспий» және «Ақтөбе» – «Елім-ай» жұптары кездеседі.
ҚАЗАҚСТАН КУБОГЫ-2026 1/4 финал
- Соңғы
-
- Мамыр, 04
-
-
-
- Сәуір, 30
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
- Сәуір, 29
-
-
Күнделікті жаңалықтар
5 мамыр 2026