Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қазақстан елшілігі Катардағы отандастарға үндеу таратты

kz.kursiv.media

Қазақстан елшілігі Катардағы отандастарға үндеу таратты

Таяу Шығыстағы шиеленістің күшеюіне байланысты Қазақстанның Катардағы елшілігі сол елде жүрген азаматтарға үндеу жасады.

Елшілік қазақстандықтарды сабыр сақтауға және жоғары қырағылық танытуға шақырды.

«Қазіргі уақытта Катардың ресми органдары халық үшін төтенше шаралар енгізілгені туралы жариялаған жоқ. Елдегі жағдай тұрақты және құзыретті органдардың бақылауында», – делінген хабарламада.

Елшілік жеке қауіпсіздік мақсатында төмендегі кеңестерді ұсынады:• адамдар көп жиналатын орындарға баруды шектеу;• жеке қауіпсіздік шараларын сақтау және жоғары қырағылық таныту;• жергілікті билік органдары мен ресми ақпарат көздерінің хабарламаларын мұқият қадағалау;• сақтық шарасы ретінде ауыз су, азық-түлік және қажетті дәрі-дәрмектің жеткілікті қорын алдын ала қамтамасыз ету.

Елшілік жағдайды бақылауды жалғастырып жатқанын мәлімдеді.

«Қазақстан Республикасының Катардағы елшілігі жағдайды бақылауды жалғастыруда және қажет болған жағдайда азаматтарды ықтимал өзгерістер туралы жедел түрде хабардар етеді», – делінген үндеуде.

Төтенше жағдай туындаған жағдайда елшілікке келесі «жедел желі» нөмірлері арқылы хабарласуға болады: +974 5064 9955, +974 5100 0733.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
5 мамыр 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар