Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Ақмола облысындағы сүт зауытында газ қоспасы атылып, екі адамды күйік шалды

kz.kursiv.media

Ақмола облысындағы сүт зауытында газ қоспасы атылып, екі адамды күйік шалды

Ақмола облысы Жібек жолы ауылындағы сүт зауытында газ қоспасы атылып екі жұмысшы жарақат алды.

Ақмола облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, зардап шеккендер дене күйігімен Астанадағы № 1 қалалық ауруханаға жеткізілді.

Дәрігерлердің мәліметінше, 1985 жылы туған азаматтың денесін 30 пайыз күйік шалған, ал 1988 жылы туған азаматтың күйігі 7 пайыз деп бағалған.

Төтенше жағдайлар министрлігі оқиғаның газ-ауа қоспасының атылуы екенін нақтылады. Мамандардың түсіндіруінше, жарылыс пен атылудың мағынасы екі түрлі.

«Жарылыс кезінде ғимарат қабырғалары қирап, нысан бұзылады, ал атылу кезінде соққы әлсіз болып, негізгі конструкцияларға зақым келмейді. Бұл жағдайда атылудан кейін өрт шықпаған, сондықтан ТЖД күштері мен құралдары тартылмаған», – деп түсіндірді ТЖМ.

Қазіргі таңда факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Бұған дейін Алматы облысының Екпінді ауылында жеке үйде газ жарылып 4 адам зардап шеккенін жазған едік.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
5 мамыр 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар