Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Ресей Тоқаевтың Каспийге қатысты ұсынысын құптады

kz.kursiv.media

Ресей Тоқаевтың Каспийге қатысты ұсынысын құптады

Ресей Тоқаевтың Каспий бейбітшілік аймағы болуы керек деген ұсынысына келісті. Ол туралы көрші елдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров әріптесі Ермек Көшербаевпен кездесуінде айтты.

«Бірлескен жұмыстың тағы бір өзекті бағыты – Каспий. Біз АҚШ-тың қарулы агрессияны өршітуі мен Иранға қатысты тым қатал ұстанымы Каспий теңізі мен оның жағалауына теріс әсерін тигізгенін мойындауға мәжбүрміз. Каспий бейбітшілік пен ынтымақтастық аймағы болып қалуы тиіс», – деді ол.

Сондай-ақ, Таяу Шығыстағы дағдарысқа қатысты Қазақстанның «салмақты ұстанымы» үшін де ризашылық білдірді.

«Біз барлық тартылған тараптар арасында саяси келісімдерге қол жеткізуді көздей отырып, Парсы шығанағы мен жалпы Таяу Шығыстағы дағдарысты тезірек еңсеру деген ойды қолдаймыз… Қазақстандық серіктестерге жағдайды түсінгені, сондағы болып жатқан оқиғаларды бағалаудағы салмақты ұстанымы үшін алғыс айта аламын».

Еске салайық, өткен аптада Астанада өткен Экологиялық саммитте Тоқаев Каспийді қорғау үшін аймақта әскери қару қолданбауды ұсынған еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
5 мамыр 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар