Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Астанада шілдеден бастап коммуналдық қызмет қымбаттайды

kz.kursiv.media

Астанада шілдеден бастап коммуналдық қызмет қымбаттайды

«Астана-АЭК» (Аймақтық электржелілік компаниясы) коммуналдық қызмет тарифтерін көтеруге өтінім дайындап жатыр. Әзірге бағалар 2025 жылғы деңгейде қалып отыр.

Бағалар қалай өзгереді?

Елордада электр қуатына арналған тарифтердің 2026-2030 жылдарға арналған жаңа бағасы бекітілді. Реттеуші органның шешіміне сәйкес, тариф жыл сайын кезең-кезеңімен өсіп отырады:

2026 жылы – 1 кВт/сағ үшін 8,86 теңге (2025 жылы – 7,53 теңге);2027 жылы – 9,31 теңге;2028 жылы – 9,71 теңге;2029 жылы – 10,12 теңге;2030 жылы – 10,56 теңге.

Осылайша, тарифтерді жыл сайын жоспарлы түрде көтеру қарастырылған. «Астана-АЭК» хабарлағандай, алғашқы баға өсімі 2026 жылдың маусым айында болуы мүмкін.

«Қазіргі уақытта «Астана-АЭК» АҚ энергиямен жабдықтау қызметтерінің тарифін көтеруге өтінім дайындап жатыр. Тариф деңгейі туралы ақпарат бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тұтынушыларға жеткізіледі, сондай-ақ қоғамдық тыңдаулар ұйымдастырылады», деп хабарлады компания өкілдері.

Тарифтің көтерілу себебі неде?

Компания тарифтердің өсуін электр желілеріне жүргізілетін жаңғырту жұмыстары мен жүйеге түсетін күштің артуымен түсіндірді. 2026 жылы инвестициялық бағдарламаға 7 миллиард теңгеден астам қаражат жұмсау жоспарланған.

Айта кетейік, тариф бойынша түпкілікті шешім әлі де талқыланып, қоғамдық тыңдаулар өткеннен кейін қабылданады. Әзірге тұтынушылар үшін баға өзгеріссіз қалады.

2025 жылдың қазанында коммуналдық тарифтерді көтеруге мораторий жарияланған болатын. Аталған шектеу 1 сәуірде күшін жойды.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
5 мамыр 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар