Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Астанада Кенесары көшесінің бір бөлігі екі күнге жабылады

kz.kursiv.media

Астанада Кенесары көшесінің бір бөлігі екі күнге жабылады

Астанада Кенесары көшесінің Шоқан Уәлиханов көшесінен Мәлік Ғабдуллин көшесіне дейінгі аралығында жол төсемінің жоғарғы қабатын салу жұмысы жүргізіледі. Осыған орай көлік қозғалысы шектеледі.

Елорда әкімдігінің хабарлауынша, 24-26 мамыр күндері аталған аралықта көлік қозғалысы ішінара жабылатын болады.

«Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жүру бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады», – делінген хабарламада.

Айта кетейік Астанада қос деңгейлі жолдар (двухуровневая дорога) салынады. Қала әкімінің орынбасары Ерсін Өтебаевтың сөзінше, жоба эскизі әзірленіп жатыр.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
27 мамыр 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар