Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Блогер Сәуле Ермаханова қайтыс болған клиникада бұрын да бір адам көз жұмған

kz.kursiv.media

Блогер Сәуле Ермаханова қайтыс болған клиникада бұрын да бір адам көз жұмған

Бұған дейін кейбір БАҚ 2020 жылы осы клиникада липосакция кезінде төрт баланың анасы болған жас әйелдің қайтыс болғанын жазған.

Ол кезде марқұмның туыстары әлеуметтік желілерде кінәлілердің жауапкершіліктен құтылып кетпеуін талап еткен.

Журналистер полицияның ресми нұсқасы бойынша, өлімге дәрігерлердің кәсіби емес әрекеттері себеп болғанын хабарлаған. Кейін клиника резонансты оқиғадан соң заңды тұлға ретіде атауын өзгерткені белгілі болды.

«Бұл ақпарат расталады. Клиника бұрын да осы мекенжайда жұмыс істеген, бірақ атауы басқа болған. 2020 жылы онда липосакциядан кейін өлім фактісі тіркелген», – деді Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасы Бауыржан Жүсіпов.

Оның айтуынша, сол жағдайдан кейін тексеріс басталған. Тексерістен соң санитарлық рұқсаттан айырылған. Кейін басқа заңды тұлғаның атын тіркеп, атауын өзгерткен.

Бастапқыда лицензияны Алматы әкімдігі берген. 2021 жылдан бастап лицензиялау функциясы Денсаулық сақтау министрлігі Медфармбақылау комитетінің аумақтық департаменттеріне берілген.

Дегенмен комитет төрағасы мұндай әрекеттің заңға қайшы емес екенін айтады. Айтуынша, егер медициналық ұйым барлық талаптарға сай болса, лицензия алып, медициналық көмек көрсете алады.

Тексеріс басталады

Енді денсаулық сақтау министрлігі Сәуле Базарханның өлімінен кейін қайта тексеріс бастайды. Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасы Бауыржан Жүсіповтің айтуынша, марқұм Сәуле Базархан көз жұмды делінген пластикалық хирургия клиникасына тексеріс осы аптада басталады.

«Заң бойынша алдымен тексерісті прокуратура тіркеуі қажет. Қазір осы рәсімдер жүргізіліп жатыр, олар аяқталған соң тексерісті бастаймыз», – деді Жүсіпов.

Еске сала кетейік, 15 мамыр күні Алматыдағы Smart Beauty Clinic орталығында 53 жастағы блогер Сәуле Ермаханова липосакция отасы кезінде кенеттен көз жұмған еді.

Аталған дерек бойынша Бостандық аудандық Полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
26 мамыр 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар