Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қарағандыда алты соғыс ардагеріне 5 млн теңгеден берілді

kz.kursiv.media

Қарағандыда алты соғыс ардагеріне 5 млн теңгеден берілді

Қарағанды облысының әкімдігі көзі тірі алты соғыс ардагеріне 5 млн теңгеден біржолғы төлем берді. Бүгінде облыста Ұлы Отан соғысына қатысқан алты ардагер тұрады: бесеуі – Қарағанды қаласында, біреуі – Осакаров ауданында.

Әкімдік мәліметінше, жалпы әлеуметтік қолдау шаралары өңірдің 2,1 мыңнан астам тұрғынына көрсетілді.

«Көмек алушылардың басым бөлігін тыл еңбеккерлері құрады. Облыста мұндай санаттағы 2029 адамға 100 мың теңгеден біржолғы төлем жасалды«, – деп хабарлады әкімдік.

Сонымен қатар әлеуметтік қолдау келесі санаттағы азаматтарға да көрсетілді:

Әкімдік ардагерлерге шипажай-курорттық емделуден өту мүмкіндігі қарастырылғанын атап өтті. Бұл шығындар жергілікті бюджет есебінен өтеледі.

Айта кетейік, Қостанайда да Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне Жеңіс күніне орай 5 млн теңгеден аударылды.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
5 мамыр 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар