Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Жылдамдықты сағатына екі шақырымға асырғаны үшін айыппұл төлене ме

kz.kursiv.media

Жылдамдықты сағатына екі шақырымға асырғаны үшін айыппұл төлене ме

Полиция » енді сағатына 2 шақырымға асырудың өзіне айыппұл салынады» деген бейнероликке қатысты түсініктеме берді.

Әлеуметтік желіде осындай ақпарат таратылған. Polisia.kz хабарлауынша, бұл шындыққа сәйкес келмейді. ІІМ әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранованың айтуынша, құқық бұзушылық үшін жауапкершілікке тарту тәртібі өзгерген жоқ.

«Бұрынғыдай әкімшілік жауапкершілік белгіленген жылдамдықты сағатына 10 шақырымға және одан жоғары асырған жағдайда ғана қолданылады. 8 мамырдан бастап күшіне енетін бірлескен бұйрық тек камералардың жұмыс тәртібіне қатысты», – дейді Ақтоты Боранова.

Оның сөзіне қарағанда, бұйрық камералардың өлшеу дәлдігі мен рұқсат етілген қателік шегін нақтылайды. Бұл құжат жүргізушілерге ешқандай жаңа талап енгізбейді және жауапкершілікке тарту шегіне әсер етпейді.

«Осылайша «сағатына 2 шақырымға асыру үшін айыппұл салынады» деген мәлімдемелер – жалған ақпарат. Аталған ақпаратты таратқан тұлға анықталды. Қостанай облысы Рудный қаласының тұрғыны сот шешімімен әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Азаматтарды тек ресми ақпарат көздеріне сүйенуге және тексерілмеген мәліметтерді таратпауға шақырамыз, – деді аға инспектор.

Айта кететін жайт, елдімекендерде жүк көліктерінің жылдамдығы сағатына 50 шақырымға дейін шектелді. Алайда бұл шектеу жол белгілерімен нақты жылдамдық көрсетілген учаскелерге қолданылмайды.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
5 мамыр 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар