Астанада балалар ауруханасы өртеніп, науқастар эвакуацияланды
25 мамырға қараған түні Астана қаласы Сарайшық ауданында, Қошкарбаев көшесі бойында балалар ауруханасының ғимараты өртенді. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлайды.
Мәліметке қарағанда, аурухана ғимаратының жертөлесіндегі электр қалқаны өртенген.
Өрт сөндірушілер хабарлама түскеннен кейін 2 минут ішінде оқиға орнына жетіп, өртті сөндіруге дереу кірісті. Қауіпсіздік мақсатында аурухана қызметкерлері мен науқастар эвакуацияланды. Олар жақын маңдағы медициналық мекемелерге уақытша орналастырылды.
Өрт сөндіру штабы құрылып, жылыту пункті ұйымдастырылды.
Құтқарушылардың үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрт 10 шаршы метр аумақта толық сөндірілді. Төтенше жағдайдан ешкім зардап шеккен жоқ. Өрттің тұтану себебі анықталып жатыр.
- Соңғы
- Мамыр, 26
-
-
- Мамыр, 25
-
- Мамыр, 24
-
- Мамыр, 21
-
- Мамыр, 20
-
- Мамыр, 19
-
- Мамыр, 18
-
- Мамыр, 05
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
27 мамыр 2026