Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қамшыбек Тәшиевтің соты басталды

kz.kursiv.media

Қамшыбек Тәшиевтің соты басталды

Бішкектің Первомай аудандық соты Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің экс-басшысы Қамшыбек Тәшиев ісі бойынша алдын ала сот тыңдауларын өткізіп жатыр.

Kaktusmedia ақпаратына қарағанда, сот қызметкерлері іс құпия қаралғандықтан, сот залына апаратын дәлізге де ешкімнің кіргізілмейтінін айтқан.

Адвокат Икрамидин Айткуловтың мәліметінше, Тәшиевке билікті күшпен басып алуға дайындалды және қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген айып тағылған.

Оның айтуынша, бұл сот отырыстары жабық форматта өтетінін және тергеу мен сот материалдарын жариялауға тыйым салынатынын білдіреді.

Бұл іс бойынша Тәшиевпен бірге тағы жеті адам айыпталушы ретінде қарастырылып жатыр.

Айып тағылғандардың ішінде Қамшыбек Тәшиевтен бөлек, бұрынғы депутат Құрманқұл Зулушев және Жогорку Кенештің экс-төрағасы Нұрланбек Тургунбекұлы да бар.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
27 мамыр 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар