Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

«Ролан Гаррос – 2026»: Елена Рыбакина жарыс жолын ерте аяқтады

kz.kursiv.media

«Ролан Гаррос – 2026»: Елена Рыбакина жарыс жолын ерте аяқтады

Әлемнің екінші ракеткасы, қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Roland Garos турнирінің алғашқы кезеңдерінде–ақ жарыс жолынан шығып қалды.

Камбэк пен шиеленіске толы өткен тартысты кездесуде Рыбакина Украина өкілі Юлия Стародубцеваға (WTA рейтингінде 55-орын) есе жіберді. Үш сетке созылған ауыр матч 2:1 (3:6, 6:1, 7:6) есебімен украиналық теннисшінің пайдасына аяқталды.

Ойын құбылмалы әрі драмалық сипатта өрбіді: 1-ші сетте Елена Рыбакина ойынды сенімді бастап, 6:3 есебімен алға шықты. 2-ші сетте Стародубцева корттағы басымдықты өз қолына алып, селіктік танытпай 1:6 есебімен жауап қайтарды. 3-ші (шешуші) сетте жүйке жұқартар сәттерге толы болды. Стародубцева басында екі брейкпен 0:3 есебімен алға шыққан еді. Алайда, отандасымыз мінез көрсетіп, таразы басын теңестіре алды. Дегенмен, матч тағдыры шешілген тай-брейкте сәттілік украиналық спортшыға серік болып, ол 7:6 (10:4) есебімен жеңісті жұлып кетті.

Жалпы кездесу 2 сағат 30 минутқа созылды.

Бұл жеңіліс Елена Рыбакина үшін үлкен соққы болмақ. Ол өткен жылы «Ролан Гаррос» турнирінің төртінші айналымына дейін жетіп, Ига Швёнтекке есе жіберген еді. Биылғы турнирде де ерте шығып қалғаны әлемдік рейтингтегі ұпайларына айтарлықтай әсер етуі мүмкін.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
28 мамыр 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар