Ашық есік күні: балалар түрмеде отырған ата-аналарымен қауышты
Астана қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №2 мекемесінде Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында «Ашық есік күні» ұйымдастырылды.
Жаздың алғашқы мерекесіне орайластырылған бұл шараның негізгі мақсаты – жазасын өтеп жатқан азаматтардың отбасылық байланыстарын нығайту, ата-ана мен бала арасындағы үзілмес қарым-қатынасты сақтау және сотталғандардың өз жақындарымен емін-еркін қарым-қатынас жасауына барынша қолдау көрсету болды.
Мереке аясында мекемеге келген бүлдіршіндер үшін ерекше сый дайындалды. Аршалы ауданы прокуратурасының тікелей қолдауымен балаларға арналған арнайы концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Колония қабырғасында өткен шара барысында жас қонақтардың барлығына мерекелік сыйлықтар табысталды.
A post shared by 𝘿𝙐𝙄𝙎 𝘼𝙎𝙏𝘼𝙉𝘼 (@duis.astana)
Темір тордың ар жағында өтсе де, іс-шара өте жылы әрі достық атмосферада ұйымдастырылды. Көптен күткен кездесу балалар мен ата-аналарына ерекше көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, естен кетпес ұмытылмас әсер қалдырды. Мекеме басшылығы мұндай қадамдар сотталғандардың тезірек түзеліп, қоғамға бейімделуіне оң ықпал ететінін атап өтті.
Еске сала кетейік, бұған дейін Шымкентте түрмеден отырған Мұрат Әбділдә оқушылармен кездескен еді.
- Соңғы
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
- Мамыр, 29
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
1 маусым 2026