Алдын ала және мерзімдік медициналық тексерулердің маңызы
Халық денсаулығын сақтау және кәсіптік аурулардың алдын алу мақсатында алдын ала және мерзімдік медициналық тексерулер жүргізудің маңызы зор. Медициналық тексерулер азаматтардың денсаулық жағдайын бақылауға, ауруларды ерте анықтауға және жұмыс орындарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған маңызды профилактикалық шаралардың бірі болып табылады.
Алдын ала медициналық тексеру жұмысқа орналасар алдында жүргізіледі. Оның негізгі мақсаты – азаматтың денсаулық жағдайының атқаратын қызметіне сәйкестігін анықтау. Бұл әсіресе тағам өндірісі, медицина, білім беру, коммуналдық қызмет көрсету және зиянды еңбек жағдайлары бар нысандарда жұмыс істейтін қызметкерлер үшін маңызды.
Ал мерзімдік медициналық тексерулер жұмысшылардың денсаулығын тұрақты бақылау мақсатында белгілі бір уақыт аралығында өткізіледі. Мұндай тексерулер кәсіптік аурулардың, жұқпалы аурулардың және созылмалы дерттердің алдын алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар еңбек жағдайының адам денсаулығына әсерін бағалауда маңызды рөл атқарады.
Медициналық тексерулер барысында зертханалық және диагностикалық зерттеулер жүргізіліп, дәрігер мамандардың қорытындысы беріледі. Қажет болған жағдайда қызметкерлер емдеуге немесе қосымша тексерулерден өтуге жіберіледі.
Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет тарапынан алдын ала және мерзімдік медициналық тексерулердің уақытылы әрі сапалы өткізілуіне бақылау жүргізіледі. Бұл халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз етуге және еңбек ұжымдарында инфекциялық аурулардың таралуының алдын алуға ықпал етеді.
Әрбір жұмыс беруші мен қызметкер медициналық тексерулерден уақтылы өтуге жауапкершілікпен қарауы қажет. Себебі денсаулық – қоғамның басты байлығы.
Н.Сурашова,
Шымкент қаласы Әл-Фараби СЭББ жетекші маман
- Соңғы
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
- Мамыр, 29
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
1 маусым 2026