Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

ЕАЭО елдері жасанды интеллектіні дамытудың ортақ ережелерін бекітті

kz.kursiv.media

ЕАЭО елдері жасанды интеллектіні дамытудың ортақ ережелерін бекітті

Астанада өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысында мүше мемлекеттер алғаш рет жасанды интеллектіні (ЖИ) жауапты дамыту жөніндегі бірлескен мәлімдеме қабылдады. Цифрлық экономика және технологиялық саясат сарапшысы Темірлан Зиналабдин бұл келісімді аймақтағы технологиялық кооперацияның жаңа кезеңі деп бағалайды.

Құжаттың басты талабы – цифрлық егемендік. Бұл мемлекеттердің сырттан келетін дайын шешімдерге тәуелділігін азайтып, өз деректеріне, тілі мен мәдениетіне негізделген «суверенді жасанды интеллектіні» дамытуына жол ашады. Сонымен қатар, ЖИ алгоритмдері қолданушыларды ұлтына, тіліне немесе басқа да белгілеріне қарай алаламауы тиіс деген әділдік пен ашықтық принципі де қатаң бекітілген.

Тағы бір маңызды өзгеріс – ұлттық жүйелердің бір-бірімен үйлесімді жұмыс істеуіне негізделген ортақ әрі кедергісіз кеңістік құру. Мұндай қадам IT-компаниялар мен стартаптарға бюрократиялық кедергілерсіз, бірыңғай стандарттар арқылы көршілес елдердің нарығына еркін шығуға мүмкіндік береді. Осылайша аймақтағы IT-бизнес үшін тең бәсекелестік орта қалыптасып, өнім сапасы басты орынға шықпақ. Қарапайым азаматтар үшін бұл мемлекеттік қызметтердің жылдамдығын арттырып, еңбек нарығындағы технологиялық тосқауылдарды азайтуға көмектеседі.

Сарапшы бұл мәлімдеменің жай ғана саяси декларация еместігін, нақты іс-әрекеттердің бастауы екенін айтады. Әсіресе, 2026 жылды «Жасанды интеллект пен цифрлық даму жылы» деп жариялаған Қазақстан үшін жаңа келісімнің маңызы зор. Елімізде қазірдің өзінде жоғары өнімді есептеу инфрақұрылымдары мен деректер орталықтарын кеңейту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр, ал қабылданған ортақ ұстаным осы технологиялық базаны өңірлік деңгейде тиімді пайдалануға ықпал етпек.

Айта кетейік, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің келесі отырысы Ресейде өтеді

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
2 маусым 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар