Шетелден қаржыландыру алды деген қазақстандықтардың тізімі жарияланды
Қазақстандағы азаматтар мен компаниялар 2025 жылдың екінші жартысында шетелден 12 млрд теңге көлемінде қаржыландыру жарияланған. Мемлекеттік кірістер комитеті алғаш рет нақты сомалар мен шетелдік донорлар көрсетілген егжей-тегжейлі тізілімді жариялады.
Тізімде үкіметтік емес ұйымдар, қоғамдық қорлар, медиакомпаниялар мен құқық қорғау ұйымдары бар. Олар халықаралық құрылымдардан, шетелдік қордан, шетелдік институттардан қаржы алды деп көрсетілген. Басым көпшілігі құқыққорғаушылар мен журналистердің үлесінде.
Шетелдік қаржының қомақты бөлігі құқық қорғаушылар мен журналистерге бағытталған. Төменде ашық дереккөздерден алынған мәліметтерге сәйкес, белгілі тұлғалар мен ұйымдар көрсетілген:
Құқық қорғаушылар арасында ең көп қаржыландыруды «Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстан халықаралық бюросы» ҚБ (Е. Жовтис, И. Иманбай және т.б.) алды – 350 млн теңгеден астам. Қаржы Джордж Соростың «Ашық қоғам институты» құрылымдарынан, SIGRID RAUSING TRUST және National Endowment for Democracy (NED) сияқты ұйымдардан түскен.
MediaNet журналистері (Ә. Жәлелов) жарты жыл ішінде 300 млн теңгеге жуық қаражат алды. Бұл құрылымның негізгі демеушілері – Джордж Соростың «Ашық қоғам институты», European Endowment for Democracy, THE NIPPON FOUNDATION және n-ost – Netzwerk fur Osteuropa-Berichterstattung e және т.б.
Құқықтық саясатты зерттеу орталығы (Д. Нұрымов) 284 млн теңге көлемінде қаржыландырылды. Шетелдік донорлар ретінде Еуропалық комиссия, Заманауи журналистиканы дамыту орталығы және АҚШ Мемлекеттік департаменті көрсетілген.
2023 жылы «Сорос-Қазақстан» қорының негізінде құрылған «CAPS Unlock» ҚҚ (басшысы А. Айдарқұлова) Ашық қоғамды қолдау қоры (OSF және FPOS) арқылы 175 млн теңге алды.
«PaperLab» ҚҚ (С. Бейсембаев, А. Решетняк, К. Қабатова, А. Тілегенова және т.б.) Мемлекеттік кірістер комитетінің тізілімінде 99 млн теңгемен көрсетілген. Демеушілері – Джордж Соростың «Ашық қоғам институты» және National Endowment for Democracy.
Тағы бір танымал құқық қорғау ұйымы «Әділ сөз» (Қ. Жаманқұлова, Д. Уткин, Т. Калеева) 97 млн теңге алды. Қаржыландыру көздері – Ұлыбритания мен Нидерланды елшіліктері.
«Бостандық қанаты» (Крылья свободы) ҚҚ (Р. Реймер, Е. Швецова) тізілімде 61 млн теңге сомасымен тұр. Қаражатты Ашық қоғамды қолдау қоры (FPOS), Нидерланды елшілігі және Соғысты зерттеу институты (ISW) бөлген.
Б. Төреғожина басқаратын «Ар.Рух.Хақ» ұйымы Foreign, Commonwealth & Development Office (FCDO) мен National Endowment for Democracy-ден 44 млн теңге алды.
Гендерлік мәселелермен айналысатын «FemAgora» ҚҚ (Лейла Зулейха Махмудова, Ксения Удод, Дария Касмамытова) 15 млн теңге қаржы алған.
Ақшалай сома мен қаржыландыру көздері көрсетілген тізімді жариялау Салық кодексінің талаптарына және «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Жарияланған деректерде алынған қаражатқа іске асырылған жобалар туралы, сондай-ақ шетелдік қаржыландырудың түпкілікті бенефициарлары туралы ақпарат жоқ.
Тағы да оқыңыз: USAID Қазақстандағы жалған ақпаратпен күреске миллиондаған доллар бөлген
- Соңғы
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
- Маусым, 01
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
2 маусым 2026