Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қайсар Қамзаны қашан Қазақстанға жеткізеді

kz.kursiv.media

Қайсар Қамзаны қашан Қазақстанға жеткізеді

Блогер Қайсар Қамзаны елге қайтару үшін қазақстандық тарап Вьетнамға ресми сауал жіберді. Бұл туралы Бас прокуратура хабарлады деп жазады Қазақпарат.

«Қазір Вьетнам бұл мәселеге қатысты шешім қабылдаған жоқ, аталған тұлғаны іздестіру тоқтаған жоқ», – деп жазылған ведомство жауабында.

Құзырлы органдар өкілдерінің түсіндіруінше,

Қазақстан Республикасы мен Вьетнам Социалистік Республикасы арасында 2017 жылғы 15 маусымда жасалған келісім бар. Бірақ ол жерде күдіктіні ұстап беру туралы сұрау салуды қараудың нақты мерзімдері қарастырылмаған. Сондықтан өтініш Вьетнамның ұлттық заңнамасына сәйкес қаралады.

Блогер Қайсар Қамза ұсталды деген ақпарат биыл көктемде тараған. Бұған қатысты оның өзі де пікір білдірген.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
2 маусым 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар