Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Бір жылдан кейін босайды: Әл-Фарабидегі жол апаты жайлы Жохар Өтебеков пікір білдірді

kz.kursiv.media

Бір жылдан кейін босайды: Әл-Фарабидегі жол апаты жайлы Жохар Өтебеков пікір білдірді

Адвокат Джохар Өтебеков Алматыдағы әл-Фараби даңғылында болған, үш адамның өмірін қиған қайғылы жол апатына қатысты пікір білдірді.

Оның жазуынша, кісі өлімі болған істер бойынша тараптардың татуласуы мүмкін емес. Заң жүзінде шартты мерзім тағайындауға ресми тыйым салынбаған, бірақ іс жүзінде соттар мұндай жазаны қолданбайды.

Өтебеков мұндай істер бойынша жаза мөлшері 7-ден 10 жылға дейін бас бостандығынан айыруды қарастыратынын атап өтті. Оның сөзінше, егер шығын өтеліп, ауырлататын жағдайлар болмаса, соттар әдетте 5 жыл мерзім тағайындайды.

Ал кінәлі адам жазасын қоныс колониясында өтейді. Ол жердегі жағдай кәдімгі колониямен салыстырғанда әлдеқайда жеңіл. Тергеу изоляторында өткен 1 күн қоныс колониясындағы 2 күнге тең деп есептеледі. Өтебековтің айтуынша, жазаның өтелмеген бөлігін жеңілдетілген жаза түріне ауыстыру үшін мерзімнің төрттен бірін өтеу қажет. Яғни егер 5 жыл жаза тағайындалса, бұл шамамен 1 жыл 3 айды құрайды.

Еске салайық, осы жылы көктемде Алматыдағы Әл-Фараби даңғылында жантүршігерлік апат болды. Қатты жылдамдықпен келе жатқан Zeekr автокөлігі Mersedes машинасымен соқтығысып, салдарынан үш адам қайтыс болды.

28 мамырда осы іске қатысты сот процесі басталды. Айыпталушы өз кінәсін мойындап, марқұмдардың туыстарынан кешірім сұрады.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
2 маусым 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар