Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

5 айда мемлекеттік бюджетке 11,4 трлн теңгеден астам қаражат түсті

kz.kursiv.media

5 айда мемлекеттік бюджетке 11,4 трлн теңгеден астам қаражат түсті

Биыл қаңтар-мамыр аралығында мемлекеттік бюджетке 11,4 трлн теңгеден астам кіріс түсті. Бұл былтырғы кезеңмен салыстырғанда 16%-ға көп.

Қаржы министрлігінің мәліметінше, Республикалық бюджеттің кірісі 100,9%-ға орындалды. Жоспар бойынша 7,34 трлн теңге көзделгенімен нақты түсімдер 7,41 трлн теңгеге артқан. Бұл жоспарланған межеден 66,7 млрд теңгеге жоғары екенін айғақтайды.

Республикалық бюджет кірісінің өсім қарқыны 2025 жылға қарағанда 25,1% немесе 1,48 трлн теңгеге көп.

Жергілікті бюджеттердегі оң динамика

Жергілікті бюджеттердің кірісі 4,05 трлн теңгеге ұлғайған. 2025 жылдың қаңтар-мамыр аралығындағы кезеңмен салыстырғанда жергілікті бюджеттердің түсімі 95,1 млрд теңгеге немесе 2,4% өскен.

Республикалық бюджеттің кірістер құрылымында (трансферттерсіз) 97,7% салық түсімдеріне тиесілі. Соған сәйкес жоспар 100,5% орындалып, өсім 30,6% аса ұлғайтылды.

Айтарлықтай өсім қосылған құн салығы, корпоративті табыс салығы, пайдалы қазбаларды өндіру салығы және шикі мұнайға экспорттық кедендік баж есебінен қамтамасыз етілді. Әлемдік шикізат нарықтарындағы қолайлы баға конъюнктурасы, экономиканың өсімі, іскерлік белсенділік пен салық реформасы кірістердің артуына негізгі фактор болды.

Бес айдың нәтижелері бюджеттің кіріс базасының орнықтылығын, экономикалық белсенділіктің ұлғаюы мен даму бюджетінің сақталуы жағдайында түсімдердің оң динамикасын растап отыр.

Айта кетейік, бұған дейін 2026 жылдың алғашқы үш айында мемлекеттік бюджетке 6,4 трлн теңге кіріс түскенін жазған едік.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
2 маусым 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар