Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Актер Рүстем Жаныамановтың үлкен ұлы қайтыс болды

kz.kursiv.media

Актер Рүстем Жаныамановтың үлкен ұлы қайтыс болды

Актер Рүстем Жаныаманов пен актриса Жанаргүл Жаныаманованың үлкен ұлы қайтыс болды. Қаралы хабарды продюссер Гүлнұр Мамасарипова әлеуметтік желідегі парақшасында айтты.

«Біздің Рүстем Жанаманов пен Жанаргүл тұңғыш ұлы Нұрмұхаметтен айырылып қалды. Бала бауыр еттен, бұндайда жұбататын сөз табу да оңай емес. Бекем болыңдар, біз қастарыңдамыз», – деп жазды ол стористе.

Қайғылы жағдайға не себеп болғаны белгісіз. Бұған дейін сұхбаттарында актер ұлының ауырғанын айтқан еді.

Нұрмұхамет Жаныаманның жаназасы екінші маусымда Алматы облысы, Жамбыл ауылында беріледі.

Рүстем және Жанаргүл Жанымановалар – өнердегі танымал жұлдызды жұп. Екеуі үш бала тәрбиелеп отырған. Рүстем көпшілікке «Келінжан» сериалындағы Қылышбек рөлі арқылы жақсы танылды. Биыл ақпанда ол «Үйлену оңай» атты мелодрамаға түскен еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
2 маусым 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар