Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қытай инвестицияны шетелге шығару тәртібін қатайтады

kz.kursiv.media

Қытай инвестицияны шетелге шығару тәртібін қатайтады

Бейжің инвестицияны шетелге шығару тәртібін қатайтып жатыр. Қытай үкіметінің тиісті қаулысы 1 маусымда жарияланды.

Құжатқа сәйкес, 2026 жылғы 1 шілдесінен бастап инвесторларға шектеуі бар тауарларды, технологияларды, қызметтер мен мәліметтерді шетелге шығаруға тыйым салынады. Компаниялар осы тауарларды экспорттау мақсатында оқыта алмайды.

Бейжің мұндай тәртіпті ұлттық қауіпсіздік мақсатында енгізіп отыр.

Тәртіп бұзғандарға инвестиция көлемінің 1%-ына дейін айыппұл салынып, операцияны тоқтатуды сұрауы мүмкін.

Кейінгі жылдары Қытай компаниялары әлем елдеріне қаржы құюды ұлғайтты. Өйткені ішкі нарықта бәсеке күшейіп кетті.

Қытай Қазақстан экономикасына да көп қаржы құйып жатыр. Қазір елде қытай капиталының қатысуымен 6 мыңнан астам кәсіпорын жұмыс істейді. Көрші елдің Қазақстанға салған инвестициясының көлемі 29 млрд доллардан асқан.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
2 маусым 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар