Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Mitsubishi әйгілі Pajero моделін қайта шығарады

kz.kursiv.media

Mitsubishi әйгілі Pajero моделін қайта шығарады

Жапонияның автокөлік өндірушісі Mitsubishi Motors жаңартылған Mitsubishi Pajero жол талғамайтын көлігін 2026 жылдың соңына дейін таныстыруды жоспарлап отыр. Кейін компания бұл модельді Toyota Land Cruiser үлгісі сияқты тұтас модельдік желіге айналдыруды көздейді.

2032 жылға дейін Mitsubishi Motors 13 жаңа модель шығармақ. Компания негізгі назарын Оңтүстік-Шығыс Азия елдері мен Жапония нарығына аударуды жоспарлап отыр. Өйткені брендтің пікірінше, дәл осы өңірлерде Mitsubishi-дің артықшылықтары айқын көрінеді. Сонымен қатар өндіруші Таяу Шығыс пен Латын Америкасындағы позициясын күшейтуді көздейді.

«Осы қаржы жылында Mitsubishi Motors бренді бейнесін айқындайтын мүлде жаңа Pajero моделін таныстыру жоспарланып отыр. Сондай-ақ бұл модельді толыққанды серияға айналдыру жұмыстары жалғасады», – делінген компания хабарламасында.

Жаңа Mitsubishi Pajero көлігінің тұсаукесері 2026 жылдың күзінде өтеді.

Модель Mitsubishi Triton пикабының жоғары беріктіктегі рамалық платформасы негізінде жасалады. Алайда көліктің шанағы, сондай-ақ алдыңғы және артқы аспа жүйелері Mitsubishi Pajero үшін арнайы әзірленген.

Айта кетейік, Қазақстанда 7 млн теңгеге дейінгі жүрілген көліктер арасында жапон кроссоверлері мен корей седандары көш бастап тұр. Олардың басым көпшілігі жүргізушілердің сенімін ақтаған сенімді көліктер. 5,5–7 млн теңге бюджетінде ең өтімді модельдер қатарында Mitsubishi ASX және Mitsubishi Outlander бар.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
2 маусым 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар