Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Енді шетелдік тауарлар мемлекеттік сатып алуға қатыспайды

kz.kursiv.media

Енді шетелдік тауарлар мемлекеттік сатып алуға қатыспайды

Енді шетелдік тауарлар мемлекеттік сатып алуға қатыса алмайды. Ауыл шаруашылық министрлігі «Ұлттық режимнен алып тастауды белгілеудің кейбір мәселелері туралы» қаулы жобасына өзгерістер енгізбекші.

Жобадағы түзету бойынша, енді мемлекеттік сатып алу жүргізілгенде оған шетелдік тауарлар қатыса алмайды. Жеткізуші тек Қазақстан Республикасы аумағында өндірілген тауарларды ғана ұсынуы керек. Яғни мемлекеттік сатып алуларға тек арнайы тізілімге енген отандық тауар өндірушілер ғана қатыса алады.

Өзгерістерге сәйкес, министрлік шектеу қойылатын шетелдік тауарлар тізімін бекітуі қажет. Ал қаулының күшін екі жылға дейін ұзарту көзделген.

Жоба авторларының түсіндіруінше, түзету елдің қауіпсіздігі мен қорғанысын нығайту, ішкі нарықты қорғау және ұлттық экономиканы дамыту мақсатында әзірленген. Сондай-ақ қазақстандық кәсіпкерлерге қолдау көрсетуге бағытталған.

Құжат «Ашық НҚА» сайтында жарияланды, талқылау 15 маусымға дейін жалғасады.

Айта кетейік, биыл көктемде қазақстандық тауар өндірушілердің тізімі дайындалды. Сол өндірушілер шығаратын 40 мыңнан астам тауар қазақстандық өнім ретінде танылған.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
2 маусым 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар