Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Жанабыловтар мемлекет алдындағы шығынын әлі өтемеген бе

kz.kursiv.media

Жанабыловтар мемлекет алдындағы шығынын әлі өтемеген бе

Істі болған Ерболат Жанабылов пен жұбайы Эльмира Төлегенова мемлекет алдындағы шығынын әлі өтемеген. Бұл туралы ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов айтты.

Вице-министрге блогерлер рақымшылыққа іліне ме деген сұрақ қойылды.

«Сіздер айтып отырған кейс орта ауырлықтағы санатқа жатады. Шығынды өтеген жағдайда жазадан құтылу түрінде рақымшылық қолданады. Ол кейс бойынша шығын бар. Бірақ аталған жағдайда шығын өтелмегендіктен, қылмыстық жауапкершіліктен босату деген рақымшылық қолданылмайды», – деді спикер.

27 сәуірде заңсыз лоторея ұйымдастырды деген айыппен ерлі-зайыпты блогер Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегенова сотталған. Жанабылов мүлкі тәркіленіп, екі жылға шартты түрде сотталды. Ал Эльмира Төлегенованың мүлкі тәркіленіп, 2 жылға бас бостандығынан айырылды. Жазасын өтеу мерзімі 2 жылға кейінге қалдырылды.

Қылмыстық істегі жалпы шығын 247 млн теңге болды. Бірақ сотта Ерболат Жанабылов шығынды толық өтегенін айтқан еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
3 маусым 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар