Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Өзбекстанда меморгандар алған сыйлықтар туралы деректі жариялауға міндеттелуі мүмкін

kz.kursiv.media

Өзбекстанда меморгандар алған сыйлықтар туралы деректі жариялауға міндеттелуі мүмкін

Өзбекстанда мемлекеттік органдар мен ұйымдар ашық қолжетімділікте жариялауға тиіс қоғамдық маңызы бар деректер тізбесін кеңейту мәселесі қарастырылуда.

Президент жарлығының тиісті жобасы қоғамдық талқылауға шығарылды. Құжатқа сәйкес, мемлекеттік органдар мен ұйымдарды өз қызметкерлерінің қызметтік іссапарлар барысында алған сыйлықтары туралы ақпаратты тоқсан сайын жариялауға міндеттеуі мүмкін. Бұл ретте қызметкер заңнамаға сәйкес өз қалауы бойынша иелік етуге құқылы сыйлықтар бұған кірмейді.

Айта кету керек, мемлекеттік қызметшілер шетелдік сапарлар мен халықаралық іс-шаралар кезінде сыйлықтар қабылдай алады, алайда олардың құны 1,648 млн сумнан (шамамен 67 мың теңге) аспауы тиіс.

Сондай-ақ, мемлекеттік органдар мен ұйымдар алған демеушілік және қайырымдылық көмек туралы, оның ішінде ақшалай қаражат, мүлік, қызметтер және қолдаудың басқа да түрлері туралы мәліметтерді жариялау ұсынылады.

Бұдан бөлек, мемлекеттік органдар мен ұйымдар алатын демеушілік және қайырымдылық көмек туралы, сондай-ақ мемлекеттік үлесі 50% және одан жоғары мемлекеттік кәсіпорындар мен компаниялар аударатын қаражат туралы мәліметтерді тоқсан сайын жариялау ұсынылып отыр. Бұл ақпаратты ресми сайттарда және ашық деректер порталында жүйелі түрде орналастыру жоспарлануда.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
4 маусым 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар