Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Жұмыс орнында қолынан айырылған азамат компаниядан 28 млн теңге өндірді

kz.kursiv.media

Жұмыс орнында қолынан айырылған азамат компаниядан 28 млн теңге өндірді

Алматы облысында сот жұмыс орнында ауыр жарақат алып, қолының басынан айырылған қызметкерге жоғары технологиялық протездің құнын өтеп беруді жұмыс берушіге міндеттеді.

Жәбірленушінің ЖШС-ге қатысты талап арызы бойынша істі Іле аудандық соты қарады. Жайсыз оқиға еңбек міндеттерін атқару кезінде орын алып, қолдың басының кесілуіне және мүгедектіктің белгіленуіне әкеп соққаны анықталды.

Медициналық-әлеуметтік сараптаманың қорытындысы еңбек қабілеттілігінің тұрақты жоғалуын және тұрақты түрде протез кию қажеттілігін растады. Сот зардап шегушінің өмір сүру қабілетін қалпына келтіру және әлеуметтік бейімделуі үшін жоғары технологиялық протез қажет екенін атап өтті.

Соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, заңнама талаптарын ескере отырып, жұмыс берушіге «Республикалық протездік-ортопедиялық орталық» АҚ-мен құны 28 606 425 теңге тұратын микропроцессорлық басқарылатын «Манифесто» көпқармалы қол протезін дайындау және сатып алу бойынша шарт жасасу міндеті жүктелді. Мұны шешім заңды күшіне енгеннен кейін бір ай ішінде орындау қажет.

Сонымен қатар, сот ЖШС-ні протездің құнын, сондай-ақ протездеу кезеңінде медициналық стационарда болуды қоса алғанда, ілеспе шығындарды төлеуге міндеттеді. Шешім қызметкердің бұзылған құқықтарын қалпына келтіруге және оны қажетті оңалту құралдарымен қамтамасыз етуге бағытталған. Ол қазірдің өзінде заңды күшіне енді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
4 маусым 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар