Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Apple ресейлік MAX мессенджерін App Store-дан өшіріп тастады

kz.kursiv.media

Apple ресейлік MAX мессенджерін App Store-дан өшіріп тастады

Ресейлік «Max» мессенджері App Store-дан жоғалып кетті. Бұл жайлы платформаның баспасөз қызметі хабарлады.

Қазір компания Apple-ға сауал жіберіп, ондай шешім қабылдауға не түрткі болғанын анықтамақшы. Әзірге қосымшаны неге өшріріп тастағаны белгісіз. Ал бұған дейін телефонға жүктелген қосымшалар қалыпты режимде жұмыс істей береді.

App Store-дан өшіргенмен Google Play, Samsung Store дүкендерінде қолжетімді.

Бұған дейін сәуірдің соңында ірі хостинг-провайдер Cloudflare мессенджерді «тыңшылық бағдарлама» деп бағалаған. Бірақ ресейлік компания қолданушылардың деректері қорғалған, жеке қауіпсіздік орталығы бар деп түсіндіргеннен кейін «тыңшылық бағдарлама» деген белгіні алып тастады.

«Мах» – ресейлік VK компаниясы ұсынған мессенджер. Көпшілігі оның бағдарламасындағы кемшіліктер, агрессивті жарнамасы және Кремльге тым жақын болғаны үшін сынға алады. Мемлекеттік Дума депутаттарының сөзінше, осы мессенджер арқылы Ресей WhatsApp-ты мессенджерін нарықтан шығарып тастауы мүмкін.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
4 маусым 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар