Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қазақстандағы ең биік ту тұғырлары қай қалада орналасқан

kz.kursiv.media

Қазақстандағы ең биік ту тұғырлары қай қалада орналасқан

Kursiv Media зерттеуінше, еліміздегі ең биік мемлекеттік ту тұғыры елордада орналасқан. Астананың қақ ортасында, Ақорда маңында желбіреп тұрған көк тудың биіктігі – 111 метрді құрайды.

Аймақтар да елордадан қалыс қалар емес. Рейтингтің екінші және үшінші сатысын Көкшетау мен Шымкент қалалары өзара бөлісіп отыр. Көкшетаудағы Бұқпа тауының басына және Шымкенттегі жаңа аудан – Шымситиге (Tulip Hall маңы) орнатылған ту тұғырларының биіктігі 100 метрге жетеді.

Өңірлердегі бәсекелестіктің өте тығыз екенін байқауға болады. Мәселен, тізімнің ортасындағы Талдықорған (92 м), Қарағанды, Атырау және Ақтөбе (үшеуі де 91 метрден) қалалары бір-бірінен небәрі бір-екі метрге ғана қалыс қалып тұр.

Ал оңтүстік астанамыз Алматы мен солтүстіктегі Павлодар қалалары бұл ондықты қорытындылайды. «Медеу» спорт кешені маңындағы және Павлодардағы тәуелсіздікке арналған ескерткіш аумағындағы тұғырлардың биіктігі – 40 метр.

Жалпы алғанда, мемлекеттік рәміздерге құрметтің көрінісі іспеттес бұл монументтер әр қаланың өзіндік сәулеттік мақтанышына айналып үлгерген.

Еске сала кетейік, бүгін 4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күні ретінде ерекше деңгейде атап өтіледі.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
4 маусым 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар