Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Data Center Valley: Қазақстанның Силикон алқабының құрылысы басталды

kz.kursiv.media

Data Center Valley: Қазақстанның Силикон алқабының құрылысы басталды

Екібастұз қаласында Орталық Азиядағы ең ірі цифрлық хаб – Data Center Valley жобасының құрылысы басталды. Қазақстанның «Силикон алқабына» айналатын бұл нысанның алғашқы кезеңі 2027 жылғы жазға дейін іске қосылады.

Павладор облысы әкімдігінің мәліметінше, қазір бөлінген 177 гектар алқапта жерді тегістеу және аумақты қоршау сияқты алғашқы дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Инфрақұрылымды дамыту үшін кіреберіс автокөлік жолының құрылысы да қолға алынған.

Құрылыс 2033 жылға дейін толық аяқталуы тиіс. Жоба бірнеше кезеңнен тұрады:

Жобаның негізгі операторы – «Қазақтелеком».

Оқыңыз: Halyk Bank «Қазақтелеком» басшысы, экс-министр Бағдат Мусиннің IT-компаниясын сатып алды

Нысанға су Қаныш Сәтбаев атындағы канал арқылы жеткізіледі. Мұнда тәулігіне 2,3 мың текше метр су тұтынады.

Құрылыс қызған уақытта онда 1,5 мың адам жұмысқа тартылады. Нысан толық іске қосылғанда онда 250-ден астам адам тұрақты жұмыс істейді.

Деректерді өңдеу орталықтары алқабы Екібастұзда салынатыны 2026 жылдың басында мәлім болды. Үкімет осындай шешім қабылдаған уақытта Павлодар өңірінде электр қуаты арзан екенін ескерген.

Осы хаб болашақта Microsoft және OpenAI сияқты технология алпауыттарымен бірлесіп, жасанды интеллект моделдерін дамытуға мүмкіндік береді. Бұған дейін Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов өңірге Google, Meta, Apple сияқты IT алыптарын тартқысы келетінін мәлімдеген.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
4 маусым 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар