Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

"Алдауға жол берілмейді": Ұлттық тестілеу орталығы ата-аналарға үндеу жасады

kz.kursiv.media

Алдауға жол берілмейді: Ұлттық тестілеу орталығы ата-аналарға үндеу жасады

Ұлттық тестілеу орталығының өкілі Ғалымжан Мұхамедьяров жас талапкерлердің ата-аналарына үндеу жасады. Оның айтуынша, орталық емтиханның адал, әрі таза өтуін басты назарға қояды.

«ҰБТ – әрбір отбасы үшін үлкен сынақ. Әр түлектің артында айлар бойғы дайындық, мұғалімдердің еңбегі мен ата-ананың үміті тұр. Сондықтан біздің басты міндетіміз – тек өз біліміне сенген адал қатысушылардың құқығын қорғау», – деді ол.

Ол емтиханның таза өтуі үшін биыл қандай шаралар қабылданғанын айтып өтті.

«Мәселен, тестілеу пункттерінің кіреберісінде бөтен тұлғалар мен тыйым салынған заттарды анықтайтын металл іздегіштер мен Face ID жұмыс істеп тұр. Сонымен қатар үздіксіз бейнебақылау жүргізіледі, интернет пен сыртқы ортамен байланысты толықтай шектейтін арнайы тахника іске қосылған», – деді ҰТО өкілі.

Осындай шаралардың арқасында ҰБТ басталғалы бері 283 ереже бұзушылық анықталды. Соның ішінде 168 адам кіреберістегі бақылау кезеңінде тестілеуге жіберілмеді. Тағы 115 қатысушы ереже бұзғаны үшін аудиториядан шығарылды.

Бүгінгі күнге дейін өзге адамның орнына тест тапсыру (жалған адам кіргізу) дерегі анықталған жоқ.

Барлық бейнежазбалар 6 ай бойы қосымша талданады. Егер ереже бұзушылық кейін анықталса, нәтиже жойылады. Бұл ереже грант тағайындалып қойған жағдайларға да қатысты (грант қайтарып алынады).

«Ешкім де алдау арқылы артықшылыққа ие болмауы тиіс. Грантты тек өз білімін дәлелдеп, бұл нәтижеге адал еңбегімен жеткен талапкер алуы керек», – деп қосыт ол.

Тек талапкерлер емес, орталық қызметкерлері де тексерілетіні айтылды. Заңсыз көмек көрсеткен немесе ереже бұзған қызметкерлер қатаң жазаланады, қажет болса материалдар құқық қорғау органдарына жолданады.

Айта кетейік, бұған дейін министр Саясат Нұрбек «ҰБТ-дан 140 балл жинаған талапкерлердің нәтижесі тексеріле ме?» деген сұраққа жауап берген еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
4 маусым 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар