Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Елімізде 550-ге жуық жасөспірім ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталды

kz.kursiv.media

Елімізде 550-ге жуық жасөспірім ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталды

Соңғы жылдары Қазақстанда жасөспірімдер арасындағы қылмыс көбейіп барады. 2025 жылы 2,5 мың жасөспірімге қылмыс жасады деген айып тағылған. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда 30,5%-ға көп. Сонымен қатар 2020 жылдан бергі ең жоғары көрсеткіш болып тіркеліп отыр.

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің мәліметінше, 2026 жылдың алғашқы төрт айында құқық қорғау органдары 665 жасөспірімді қолға түсірген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,3%-ға аз, бірақ олардың тең жартысына жуығы ауыр және өте ауыр қылмыстар жасады деген күдікке ілінді.

Жасөспірімдер қылмысының өсуі кәмелетке толмағандардың ісін қарайтын соттардың жұмысына да әсер етті. Finprom дерегінше, былтыр сотқа ісі түскен жасөспірімдердің шамамен 43%-ы кінәлі деп танылған жоқ, яғни жазадан құтылып кетті. Судьялар 1,3 мың жасөспірімнің 564-іне қатысты қылмыстық істі тоқтатқан. Олардың ішінде жеңіл-желпі заң бұзушылықтар ғана емес, денсаулыққа зиян келтіру, ұрып-соғу, тонау, қарақшылық және бопсалау фактілері де бар. Бір жыл ішінде жасөспірімдерге қатысты сотта жабылған істердің саны 44,6%-ға, ал 2026 жылдың бірінші тоқсанында тағы 12,1%-ға артқан.

Жасөспірімдерге қандай жаза қолданылады?

Кәмелет жасқа толмағандаға қылмыстық жазаның орнына көбіне тәрбиелік шаралар қолданылады. Оған ескерту жасау, пробациялық бақылау орнату, ал кейбір жағдайларда тәртібі нашар балаларға арналған арнайы мекемелерге (интернаттарға) жіберу жатады.

Дегенмен, сотталған жасөспірімдердің де саны өскен. 2025 жылы еліміздің соттары 753 жасөспірімді кінәлі деп таныды, бұл бір жыл бұрынғыдан 20,3%-ға көп. Әсіресе жеңіл қылмыстар мен ауыр және өте ауыр қылмыстардың өсімі қатты байқалады. Бұл ретте сотталған барлық жасөспірімдердің 70%-дан астамы (548 бала) адам өлімі мен жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық сияқты нақты ауыр және өте ауыр қылмыстар үшін кінәлі деп танылған.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
4 маусым 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар