Павлодарлық әйел жалған анықтама арқылы түрмеден қашып құтылмақ болды
Ақсу қаласында прокуратура айыпты әйелдің жазадан құтылу үшін жалған жүктілік анықтамасын алғанын анықтады.
Noks.kz ақпаратына қарағанда, тексеру барысында жүргізуші куәлігі жоқ әйелдің мас күйінде көлік тізгіндеп, жол-көлік оқиғасына қатысқаны белгілі болған.
Сот кезінде ол жүкті екенін айтып, анықтама ұсынған. Әйелдің аяғы ауыр екені ескеріліп, әкімшілік қамау айыппұлмен алмастырылған.
Алайда прокуратура жүргізген тексеру медициналық құжаттың жалған екенін көрсетті. Осы факті бойынша жалған құжаттарды пайдалану бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды.
Сонымен қатар полиция қызметкерлерінің ықтимал қатысы да тексеріліп жатыр. Құқық қорғау органдары әзірге бұл іске қатысты толық мәлімет таратқан жоқ.
Ақсу прокуратурасы соттың бастапқы шешіміне наразылық білдіріп, жазаны қатаңдатуды талап етті. Нәтижесінде облыстық соттың апелляциялық алқасы айыппұлды 20 тәулік әкімшілік қамауға ауыстырды.
Айта кететін жайт, көлік тіркеу мен жүргізуші куәлігін алу ережелері өзгереді.
- Соңғы
- Маусым, 03
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
- Маусым, 02
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
4 маусым 2026