Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Димашты ҰҚК-ға шақырды

kz.kursiv.media

Димашты ҰҚК-ға шақырды

Димаш Құдайберген Алматы облысындағы «Баянкөл» шекара бекетіне барып, әскерилермен кездесті. Бұл туралы ҰҚК хабарлады.

Димаш сарбаздармен кездесіп, ел шекарасының қауіпсіздігі үшін жасаған қызметіне алғыс айтты. Сондай-ақ ол шекарашылар мен қызмет иттерінің достығы туралы «Таймас» фильмінің түсірілімімен танысты. Фильм режиссері – Ғалым Асылов.

Бұған дейін Димаштың өзі де режиссермен кездескенін парақшасында бөліскен еді.

«Жақын арада таныстыратын жаңа жобалар қарсаңында, досым Ғалым Асылов түсіріп жатқан фильмнің түсірілім алаңына баруды жөн көрдім. Ол соңғы жылдары менің бірнеше музыкалық бейнебаянымды түсіріп, көрермендердің ықыласына бөленген болатын. Бүкіл түсірілім тобына табыс пен сәттілік тілеймін», – деп жазды Димаш.

Тағы да оқыңыз: Латынамерикалықтар Димашқа арнап қазақ тілінде өтетін халықаралық жобаны қолға алмақ

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
4 маусым 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар