Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қостанайда білім бөлімінің басшысы қамауға алынды

kz.kursiv.media

Қостанайда білім бөлімінің басшысы қамауға алынды

Бұған дейін бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен ұсталған Қостанай қаласы білім бөлімінің басшысы Гүлсім Оразбаева қамауға алынды.

«Сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында 2026 жылғы 2 маусымда Қостанай қаласының тергеу соты күдікті Г. Оразбаеваға қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады», – деп хабарлады Қостанай прокуратурасының баспасөз қызметі.

Кеше Оразбаеваның ұсталғаны белгілі болған еді. Облыс прокуратурасында ҰҚК-нің Қостанай облысы бойынша департаментінің іс жүргізуінде қалалық білім бөлімінің лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық іс бар екенін хабарлаған болатын.

Тергеу нұсқасы бойынша, олар басқа да тұлғалармен топтасып, мектептерге бөлінген бюджет қаражатын жымқырған.

Қостанай әкімдігі білім бөлімінің басшысы Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігі – «Алаяқтық» бойынша қарастырылған қылмыстық құқық бұзушылықты жасады деген күдікпен ұсталды.

Тергеу аясында лауазымды тұлғалардың тұрғылықты жері мен жұмыс орны бойынша тінту жүргізілді. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жарияланбайды.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
4 маусым 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар