Атыраудағы ойын-сауық паркінде "үрей бөлмесі" мен әткеншек өртенді
3 маусым күні түнгі сағат 22:23-те Атырау қаласы Авангард ыңшам ауданында орналасқан ойын-сауық паркі аумағы өртенді. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлайды.
Министрлік мәліметінше, Тілендиев көшесіндегі ойын-сауық паркінде ағаштан жасалған «үрей бөлмесі» мен әткеншек жанып кетті. Құтқарушылар өрттің солардың жанында орналасқан аквапаркке таралуына жол бермеді.
«Алғашқы бөлімшелер келген кезде нысандардың толықтай отқа оранғаны анықталды. Өрт өршіп кеткен. Оған тез тұтанғыш материалдардың көп болуы себеп», – деп таратты ТЖМ.
Құтқарушылар оттың көрші ғимараттарға таралуына жол бермей, өртті тез арада сөндірді. Ешкім зардап шеккен жоқ.
Бір күн бұрын Астана қаласында көпқабатты үйдің балконынан өрт шығып, көрші қабатқа тараған.
- Соңғы
- Маусым, 03
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
- Маусым, 02
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
4 маусым 2026