Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Ұлттық ұланының ерлер хоры LRT-да Әнұранды жанды дауыста орындады

kz.otyrar.kz

Ұлттық ұланының ерлер хоры LRT-да Әнұранды жанды дауыста орындады

Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланының ерлер хоры LRT-да елорда жұртшылығын Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтады.

Хор солистері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын, сондай-ақ белгілі патриоттық әндерді жанды дауыста орындап, жолаушыларға ерекше мерекелік атмосфера сыйлады. Салтанатты киімдегі әскерилердің музыкалық құттықтауы қала жұртшылығы мен қонақтары үшін жағымды тосын сый болды. Қоғамдық көлікте мұндай тосынсый күтпеген жолаушылардың бірі таңырқап қалса, енді бірі бірден таныс әуендерді қосыла шырқап кетті. Көпшілігі ерекше сәтті ұялы телефондарына түсіріп жатты.

Мерекелік акция мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсетуді насихаттау, өскелең ұрпақты патриотизмге тәрбиелеу және халық арасында азаматтық жауапкершілікті арттыру мақсатында ұйымдастырылды.

Мұндай іс-шаралар ұлттық құндылықтарды сақтауға, қоғам бірлігін нығайтуға ықпал етеді және мемлекеттік рәміздердің ел егемендігінің ажырамас бөлігі ретіндегі маңыздылығын көрсетеді.Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланы армия мен қоғам арасындағы байланысты нығайтуға бағытталған патриоттық іс-шараларға белсенді қатысуды жалғастыруда.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
4 маусым 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар