Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Асырап алған балаларына нанды көңге аунатып жегізіп, иттің үйшігінде ұйықтатқан

kz.kursiv.media

Асырап алған балаларына нанды көңге аунатып жегізіп, иттің үйшігінде ұйықтатқан

Қарағанды облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған соты мұғалімдер отбасына үкім шығарды.

Қарағанды облысы сотының хабарлауынша, ерлі-зайыпты мен олардың қызы алты патронаттық баланы қорлады деп айыпталған.

Тергеу мәліметінше, Қарқаралы ауданындағы мұғалімдер отбасы бес жыл бойы балалар үйінен алынған балаларды қорлап келген. Олар балаларды ауыр жұмысқа жегіп, мал бақтырған. Ұрып-соғып, аш қалдырған, қорлаған.

Сотта балалар кейде нанды көңмен араластырып жеуге мәжбүр болғаны, иттің үйшігінде ұйықтағаны, қайнаған су мен қыздырылған темірден күйік алғаны айтылды. Бір баланың денесінен 19, екіншісінен 47 тыртық анықталған. Зардап шеккендердің бірі өзін кілемге орап, үстінен секіргенін, соның салдарынан есінен танып, кейін бірнеше ота жасап, мүгедектік алғанын мәлімдеген.

Сот үкімімен отағасы 12 жылға, жұбайы 10 жылға, ал қызы 4 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды. Үшеуі де сот залында қамауға алынды.

Сондай-ақ сот әрбір жәбірленушіге моральдық шығын ретінде 10 миллион теңгеден төлеу туралы талапты қанағаттандырды.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ. Қорғаушылар апелляциялық шағым түсіретінін мәлімдеді.

Айта кететін жайт, Ішкі істер министрлігі сәуірде адам саудасына қатысты 41 қылмыс тіркеді. Оның ішінде кәмелетке толмағандарға қатысты 9 дерек анықталған.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
4 маусым 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар