Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Астанада жаяу жүргіншілер өткелінде жасөспірімді қаққан жүргізуші қашып кетті

kz.kursiv.media

Астанада жаяу жүргіншілер өткелінде жасөспірімді қаққан жүргізуші қашып кетті

Астанада жүргізуші жаяу жүргіншілер өткелінде жасөспірімді қағып кетіп, оқиға орнынан қашып кетті. Бұл оқиға түсірілген видео әлеуметтік желілерде пайда болды.

Кадрлардан Toyota RAV4 көлігі Сығанақ даңғылы мен Төле би көшесінің қиылысында велосипед мінген жасөспірімді қағып кеткенін көруге болады. Соққыдан бала құлап, аяқ киімі ұшып кетті, алайда ол өзі тұрып кеткендіктен, зардап шекпеген сыңайлы. Осыдан кейін көліктен тіпті шықпаған жүргізуші өз жолын жалғастырды.

Астана қаласының полиция басқармасы жол-көлік оқиғасына кінәлі адамның табылғанын хабарлады.

«Toyota RAV4 автокөлігінің жүргізушісі анықталды. Ол реттелетін жаяу жүргіншілер өткелінен өту кезінде жолдың жүріс бөлігін бағдаршамның рұқсат беру сигналына кесіп өткен жаяу жүргіншіні қағып кетті», – делінген хабарламада.

Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша тексеру жүргізілуде. Оның нәтижелері бойынша шаралар қабылданатын болады. Көлік коммуналдық тұраққа қойылды.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
4 маусым 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар