Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қырғызстанның экс-премьер-министрінің ұлы Алматыда тергеу изоляторында отыр

kz.kursiv.media

Қырғызстанның экс-премьер-министрінің ұлы Алматыда тергеу изоляторында отыр

Қырғызстанның бұрынғы премьер-министрі Данияр Үсеновтың ұлы Урмат Үсенов Алматыдағы тергеу изоляторында отыр. Бұл туралы дереккөздеріне сілтеме жасап Kaktus.media хабарлады.

Редакция мәліметінге, Урмат Үсенов пен бірге Қырғызстанның екі азаматы және бір Қазақстан азаматы трансұлттық топ құрып, заңсыз кәсіпкерлікпен айналысқан деген күдік бар. 10 наурызда Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдіктілерді екі ай мерзімге қамауға алу туралы санкция берді.

Оларды Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 28-баптың 3-бөлігі және 214-баптың 2-бөлігі 1-тармағы ( «Қылмыстық топ жасаған заңсыз кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру») және 264-баптың 1-бөлігі («Трансұлттық ұйымдасқан топты немесе трансұлттық қылмыстық ұйымды құру, сол сияқты оған немесе оның құрылымдық бөлімшесіне басшылық ету») бойынша айыптап отыр.

Алматы қалалық Мемлекеттік кірістер департаментінің мамандары трансұлттық топ 26 миллион теңге шығын келтірді деп тапты. Күдіктілерден салмағы 1,6 тоннадан асатын, құны 46 миллион теңге кальян темекісі тәркіленген.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
4 маусым 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар