Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

BINOM неліктен бірінші сынып оқушыларын қабылдамағанын түсіндірді

kz.kursiv.media

BINOM неліктен бірінші сынып оқушыларын қабылдамағанын түсіндірді

BINOM мектептер желісінің әкімшілігі 2026-2027 оқу жылына бірінші сынып оқушыларын қабылдаудан бас тартудың негізгі себептерін мәлімдеді.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде ата-аналар тарапынан құжат өткізу кезінде сайттың жұмысы баяулап, салдарынан балаларының кезекте қалып қойғаны туралы шағымдар жиілеген еді.

Мектеп әкімшілігінің мәліметінше, Астанада бірінші сыныпқа өтініш қабылдау 27 мамыр күні сағат 09:00-де басталған. Оқушыларды заңды тіркеуі бойынша қабылдау жүргізілгенімен, BINOM мектептерінің маңынан үй сатып алып сол ауданда тіркеуде тұрсаң да баланың автоматты түрде оқуға түсіп кетуіне кепілдік жоқ.

Ресми түсініктемеде орыс сыныптарына деген сұраныстың қолданыстағы орын санынан бірнеше есе жоғары екені ерекше атап өтілген.

«Мектептегі жалпы сынып жиынтығының тек 20%-ға жуығы ғана орыс сыныптарының үлесіне тиесілі. Осы себепті өтініштерді қабылдау басталған алғашқы минуттарда-ақ бұл сыныптардағы бос орындар толығымен толып үлгереді.

Бірінші сыныптарға орын толық үлестіріліп қойған мектептерде қазіргі уақытта резервтік тізім ашылды. Ата-аналар өтініш беріп, күту кезегіне тұра алады», – деп хабарлады BINOM School өкілдері.

Инфрақұрылымдық оператордың ақпараты бойынша, резервтік тізімдегі оқушылар кезек ретімен, мектептен орын босаған жағдайда ғана қабылданады. Бос орын пайда болған сәтте ата-аналарға белгіленген тәртіппен хабарлама жіберіледі.

Ескерете кететін жайт, мектептің шағын учаскесіне бекітілген мекенжайлар тізімін жыл сайын Астана қаласының Білім басқармасы бекітеді.

Бұған дейін еліміздегі өңірлер бойынша мектептерге құжат қабылдау кестесі жарияланған еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
4 маусым 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар