Литва АҚШ-тың ядролық қаруын орналастыруы мүмкін
Литва өз аумағында АҚШ-тың ядролық қаруын орналастыруы мүмкін. Бұл мәселе екі ел арасында талқыланып жатыр.
DW ақпаратына қарағанда, мұны Литваның қорғаныс министрі Робертас Каунас растады. Оның айтуынша, келіссөздер жалғасуда. Алайда олардың егжей-тегжейі құпия.
Министр ядролық әлеуеттің қауіпсіздік пен тежеу тетігін күшейтетінін атап өтті. «Елдер қорғаныс қабілеті мен тәуелсіздігін нығайту үшін қажетті шараларды қабылдауы керек» деді ол.
Сонымен қатар Литва президенті Гитанас Науседа мен бірқатар саясаткерлер ел Конституциясына өзгерістер енгізу мүмкіндігін жоққа шығармай отыр. Қазіргі заңнама Литва аумағында жаппай қырып-жоятын қару мен шетелдік әскери базаларды орналастыруға тыйым салады.
Ал Польша билігі АҚШ-тың тактикалық ядролық қаруын НАТО-ға мүше ядролық қаруы жоқ елдерде орналастыруды көздейтін Nuclear Sharing бағдарламасына қатысуға әзір емес екенін мәлімдеді. Польша Қорғаныс министрінің орынбасары Павел Залевский АҚШ-пен әскери мәселелер бойынша келіссөздер жүргізіліп жатқанын, бірақ олардың ядролық тежеу мәселесіне қатысты екенін айтты.
Қазіргі таңда НАТО-ның Nuclear Sharing бағдарламасына Бельгия, Германия, Италия, Нидерланд, Түркия және Ұлыбритания қатысады. Бұл елдерде АҚШ-тың ядролық миссияларға арналған ұшақтары мен ядролық бомбалары орналастырылған. Алайда қаруды қолдану құқығы тек АҚШ-тың құзырында қалады.
Айта кететін жайт, Ресей ядролық қару қолдану бойынша ауқымды әскери жаттығу өткізген еді.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
4 маусым 2026