Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Астана-Көкшетау тасжолындағы апаттан бес адам зардап шекті

kz.kursiv.media

Астана-Көкшетау тасжолындағы апаттан бес адам зардап шекті

Астана-Көкшетау-Петропавл республикалық тасжолында жол-көлік оқиғасы орын алып, салдарынан бес адам зардап шекті. Апат болған жол учаскесінде жұмысшылар жол белгілерін сызып жатқан, деп хабарлады «ҚазАвтоЖол».

ЖКО шамамен сағат 17.00-де болды. Алдын ала мәліметтер бойынша, Toyota Alphard минивэнінің жүргізушісі қашықтықты сақтамай, рөлге ие бола алмай, алдында келе жатқан «ГАЗель» көлігімен соқтығысқан. Бұл көлік жол белгілерін сызу жұмыстарын сүйемелдеп жүрген.

«ЖКО салдарынан бес адам зардап шекті. Барлық зардап шеккендер жедел медициналық жәрдем бригадасымен Бурабай аудандық орталық ауруханасына жеткізілді», – делінген хабарламада.

Жол-көлік оқиғасының мән-жайын уәкілетті органдар анықтап жатыр. «ҚазАвтоЖол» жол бөлігінде көрінетін ақаулар жоқ екенін атап өтті.

Компания жүргізушілерді жылдамдық режимін, қауіпсіз қашықтықты қатаң сақтауға және жол жұмыстары жүргізіліп жатқан учаскелерде барынша мұқият болуға шақырды.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
4 маусым 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар