Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Экс-судья Айгүл Сайлыбаеваның күйеуі мен енесі Мәскеуде ұсталды

kz.kursiv.media

Экс-судья Айгүл Сайлыбаеваның күйеуі мен енесі Мәскеуде ұсталды

Экс-судья Айгүл Сайлыбаеваның өліміндегі басты күдіктілер – күйеуі Александр Донцов пен енесі Наталья Донцова Мәскеуде ұсталды. Бұған дейін олар халықаралық және мемлекетаралық іздеуде болған.

Қазақстанның Германиядағы Елшілігі іс бойынша Германия Сыртқы істер министрлігінің өкілдерімен тұрақты түрде кездесулер өткізіп тұрады.

«Қазақстанның Франкфурт қаласындағы Бас консулдығы Гессен федералдық жерінің құзыретті органдарымен тиісті жұмыстар жүргізіп жатыр.

Ресей Федерациясы СІМ-нің нотасына сәйкес, ҚР құзырлы органдарының экстрадициялық сұранысы негізінде Мәскеу қаласы бойынша Ресей ІІМ Бас басқармасының Қылмыстық іздестіру қызметкерлері А. Донцов пен Н. Донцованы ұстады. Бұған дейін оларға Германия құқық қорғау органдары тарапынан халықаралық іздеу, ал ҚР ІІМ тарапынан мемлекетаралық іздеу жарияланған болатын», – делінген Newtimes басылыма берілген ресми сауалдың жауабында.

Сонымен қатар екеуі де Ресей Федерациясының азаматы болғандықтан, Қазақстанға экстрадицияланбайды. Бұл туралы Қазақстан тарапына алдын ала ескертілген.

«Қазіргі уақытта Ресей органдары Қазақстан тарапынан РФ аумағында қылмыстық іс қозғау туралы ресми сұранысты күтіп отыр. Бұдан бөлек, Б.Сайлыбаевтың жоғарыда аталған тұлғаларға қатысты қылмыстық іс қозғау үшін өз арызын РФ Тергеу комитетіне жолдау туралы өтінішіне байланысты, елшілік 2026 жылғы 5 мамырда Ресейге ресми хат жолдады», – делінген хабарламада.

Айта кетейік, Айгүл Сайлыбаева 2024 жылы 3-4 маусымда хабарсыз кеткен. 16 маусымда пышақталған денесі қала шетінен пластикалық қапшыққа салынған күйі табылды.

Ол күйеуі және енесі тарапынан тұрмыстық зорлық-зомбылық көрген. Бұл туралы құрбыларына айтып, ұрып-соққанына айғақ болатын фото жіберіп отырған.

Германия тарапы Александрдың анасы – Наталья Донцованы басты күдікті ретінде таныған. Ол Айгүл іс-түссіз кеткен күні Германиядан ұшып кеткен.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
4 маусым 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар