Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Ит пен мысықтың тілін адамның тіліне аударып беретін қарғыбау шықты

kz.kursiv.media

Ит пен мысықтың тілін адамның тіліне аударып беретін қарғыбау шықты

Қытайлық Meng Xiaoyi стартапы иттің үргені мен мысықтың мияулағанын адам тіліне «аударатын» смарт-қарғыбауды таныстырды.

ТСН ақпаратына қарағанда, онда жасанды интеллект орнатылған. Құрылғы PettiChat деп аталады.

Компанияның мәліметінше, құрылғының аударма дәлдігі – 94,6%. Алайда оны растайтын тәуелсіз ғылыми зерттеу әзірге жарияланған жоқ.

Салмағы небәрі 27 грамм болатын құрылғы жануардың мойнына тағылады. Ол микрофондар, қозғалыс датчиктері мен акселерометрлер арқылы дыбыстарды, дене қимылдарын және мінез-құлық белгілерін тіркейді. Жиналған мәліметтер Alibaba Cloud әзірлеген Qwen жасанды интеллект моделі арқылы өңделеді.

Әзірлеушілердің айтуынша, жүйе жануардың әрекеттерін талдап, шамамен 1,2 секунд ішінде иесінің смартфонына «аударылған» хабарлама жібереді. Стартап құрылғыны жасау үшін жануарлардың миллионнан астам дыбысы мен мінез-құлық үлгілерін пайдаланғанын мәлімдеді.

Десе де, кейбір сарапшылар бұл мәлімдемелерге күмәнмен қарайды. Ғалымдардың пікірінше, қазіргі AI жүйелері жануарлардың күйзеліс, қуаныш немесе тыныштық секілді эмоциялық жағдайларын анықтай алады. Бірақ олардың дыбыстарын нақты адам сөйлемдеріне айналдыру мүмкіндігі ғылыми тұрғыдан дәлелденбеген.

Қытайда бүгінде шамамен 126 миллион үй жануары бар. Ал ақылды құрылғылар инвесторлар мен тұтынушылар арасында үлкен қызығушылық тудыруда.

Айта кететін жайт, Алматыда ит пен мысыққа арналған қонақүй, такси қызметі жұмыс істейді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
4 маусым 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар