Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Бір-ақ күн қалды: Қазақстанда БЖЗҚ жеткілікті шегі өзгереді

kz.kursiv.media

Бір-ақ күн қалды: Қазақстанда БЖЗҚ  жеткілікті шегі өзгереді

Зейнетақы қорындағы ақшаны шешіп алудың жаңа ережесі күшіне енуіне небәрі бір күн қалды. 5 маусымнан бастап шотыңызда қалуы тиіс ең төменгі соманың (жеткіліктілік шегінің) есептелу тәртібі өзгереді.

Егер қорыңызда жеткіліктілік шегінен асатын ақша болса және оны ескі ережемен шешіп алғыңыз келсе, 4 маусымға дейін (бүгін қоса есептеледі) үлгеріп өтінім қалдыруыңыз керек.

Еңбек министрі Асқарбек Ертаев бұған дейін жинақты баспанаға немесе емделуге жұмсау мүмкіндігі жойылмайтынын айтқан еді. Бірақ ол зейнетақы жүйесінің басты мақсаты – адамды қартайғанда ақшасыз қалдырмау екенін еске салды.

Заң бойынша бұл ақшаны қолма-қол шешіп алып, жеке қажеттіліктерге жаратуға болмайды. Оны тек мына мақсаттарға пайдалана аласыз:

5 маусымнан бастап шекті сома жаңа формуламен есептеледі. Қарапайым тілмен айтқанда, мемлекет «сізге зейнетке шыққаннан кейін қанша ақша керек болады және сол үшін қазір шотыңызда қанша сома жатуы тиіс?» дегенді алдын ала есептеп қояды. Жаңа шекті сомма бойынша толық мәлімет әлі де ресми түрде шыққан жоқ.

Есептеу кезінде мына жағдайлар ескеріледі:

Еске сала кетейік, сарапшы зейнетақы жинақтары неліктен құбылып тұратынын түсіндіріп берген болатын.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
8 маусым 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар