Түркістан облысында мұғалім сот ғимаратында өзіне пышақ салды
Түркістан облысында мектеп мұғалімі жұмыстан заңсыз шығарылғанына қарсылық ретінде аудандық сот ғимаратында өзін пышақтады.
Бейнежазбада 24 жылдық еңбек өтілі бар ұстаз Х. Ерімбетовтің іш тұсынан жарақат алып, қанға боялған күйде тұрғаны көрінеді.
Halyqstan ақпаратына қарағанда, ол биыл қаңтар айында жұмыстан босатылған. Мұғалім еңбек құқықтарының бұзылғанын айтып, Түркістан облыстық еңбек инспекциясына шағым түсірген.
Тексеру нәтижесінде жұмыстан шығару заңсыз деп танылған. Алайда еңбек инспекциясының нұсқамасына қарамастан, педагог бұрынғы қызметіне қайта алынбаған.
Осыдан кейін Еримбетов Ордабасы аудандық сотына жүгінген. Бірақ оның айтуынша, бұл жерде де әділетсіздікке тап болған.
Белгілі болғандай, 3 маусым күні сот оны сот талабына бағынбағаны үшін 5 тәулікке әкімшілік қамауға алу туралы шешім шығарған.
Осыдан кейін ұстаз өзіне пышақ сұғып, іш тұсына жарақат салған. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Айта кететін жайт, Алматы облысы Есік қаласында інісі туған ағасын 16 жерінен пышақтап өлтірген еді.
- Соңғы
-
-
-
-
- Маусым, 04
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
5 маусым 2026