Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Энергетикалық сусындардағы халал белгісі шынайы ма

kz.kursiv.media

Энергетикалық сусындардағы халал белгісі шынайы ма

Threads әлеуметтік желісінде k.azimkhanovaa есімді қолданушының салған жазбасы көпшіліктің назарын аударып, пікірталас тудырды. Дүкен сөресінде тұрған энергетикалық сусынын суретке түсіріп:

«Осы неге энергетиктерге халал сертификатын береді екен, денсаулыққа зиян затты халал деп есептеу қаншалықты дұрыс?» деген сұрақ қойды.

Бұл жазбаның астына ҚМДБ-ның «Халал Даму» орталығы ресми жауап беріп:

«ҚМДБ «Халал Даму» орталығы энергетикалық сусындарға сертификат берген емес, бермейді де!» деп кесіп айтты.

Осыдан кейін тұтынушылар арасында «Сонда құты сыртындағы халал белгісі қайдан келген және энергетикалық сусындар шынымен халал ма?» деген сұрақ туындады. Kursiv Media бұл мәселенің анық-қанығына үңіліп, Қазақстандағы сертификаттау жүйесін саралап көрді.

Жоғарыда айтқандай, «Халал Даму» энергетикалық сусындарға ешқашан сертификат берген емес және бермейді де.

ҚМДБ бекіткен шариғат үкімдеріне сәйкес, энергетикалық сусындарға қатысты мынадай тұжырым жасалған:

Сонда «Gorilla» сусынының құтысында тұрған халал белгісі қайдан келген? Нарықтағы мәліметтерге сүйенсек, бұл өнім Қазақстанның Халал Индустрия Қауымдастығы тарапынан сертификатталған.

Қазақстанда халал өнімдерді стандарттаумен бір ғана ұйым айналыспайды. Бүгінде нарықта өтінім қабылдайтын бірнеше негізгі ұйым бар. Олар:

Қазақстанның Халал Индустрия Қауымдастығы өнімді сертификаттау кезінде оның лабораториялық құрамына, ішінде спирттің, шошқа майының немесе басқа да харам қоспалардың (мысалы, рұқсат етілмеген химиялық элементтердің) бар-жоғына баса назар аударады. Gorilla сусынының құрамы химиялық және шариғи тұрғыдан таза (яғни, құрамында тыйым салынған мас қылатын немесе харам заттар жоқ) деп танылғандықтан, қауымдастық бұл өнімге өз сертификатын берген.

Бір ұйым өнімнің тек «техникалық және химиялық тазалығына» (құрамында харам заттардың болмауына) қарап сертификат берсе, екінші ұйым (ҚМДБ) өнімнің адам денсаулығына тигізетін жалпы зиянын ескеріп, энергетиктерді сертификаттаудан мүлдем бас тартады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Kursiv Media халал сертификатын қалай сатып алуға болатынын жазған еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
5 маусым 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар