Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

"Соғысты өзіміз бітірейік": Зеленский Путинге ашық хат жолдады

kz.kursiv.media

Соғысты өзіміз бітірейік: Зеленский Путинге ашық хат жолдады

Украина басшысы Владимир Зеленский Ресей президенті Владимир Путинге ашық хат жолдады. Құжат Украина президентінің ресми сайтында жарияланған.

«Осыдан 26 жылдан астам уақыт бұрын Ресейді басқарған кезде, Украинадағы көптеген адам сізге оң көзқараспен қараған еді. Солай болғаны рас. Бірақ ол уақыт өтіп кетті. Ресейдегі 26 жылдық билігіңіздің жартысына жуығын Украинаға қарсы соғыспен өткіздіңіз. НАТО, геосаясат және орыс тілі туралы не айтсаңыз да, бұл соғыс – сіздің жеке таңдауыңыз, еш себепсіз басталған соғыс. Тарихта да дәл солай қалады», – деп жазады ол хатында.

Хатында президент соғыстан «Ресейдің көбірек зиян шегіп жатқанын» жазады. Ел тұрғындарына «біздің дрондарымыз бен зымыранымыз», жанармай тапшылығы мен бітпейтін шектеулер ұнамайды дейді.

Зеленскийдің мәліметінше, мамырда соғыс шебінде 30 мыңнан аса ресейлік өлген немесе ауыр жараланған. Бірнеше ай бойы осы көрсеткіш сақталып келеді. «63%-ы өлгендер, тек 37%-ы ғана жараланғандар» деп жазады ол. Сөзінше, ары қарай да шығын арта түседі.

«Біз АҚШ-тың Иран мәселесіне көбірек көңіл аударып жатқанын көріп отырмыз. Енді Еуропадағы соғысқа қашан назар аударады деп жай ғана күтіп отырудың қажеті жоқ. Украина соғыста өз арамызда бітіруді ұсынады», – дейді Украина басшысы.

Хатында Зеленский Путинге бірнеше ұсыныс айтады.

Украина сыртқы істер министрі Андрей Сибига Зеленскийдің хаты Путинге ресми түрде дипломатиялық каналдармен берілетінін және дәл сондай мазмұнды жауап күтетінін хабарлады.

Бұған дейін көктемде Зеленский Ресейдің қатысуымен келіссөздер өткізуге де ниеттенген. Ол үшін АҚШ делегациясын Киевке шақырған еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
5 маусым 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар